Schools Brochure - page 47

47
Освестри мектебі
Біздің оқушыларымыз: «Біз мектеп үшін емес, өмір
үшін оқимыз» деген мектеп ұранын басшылыққа
алады.
«Дара тіл табу тәсілдемесін қолданатын…
шағын дәстүрлі британдық мектеп. Отбасылық
құндылықтар және ұйымшыл ұжым барлық
оқушыларды сенімділік пен тұрақтылыққа
тәрбиелейді… бұл өз үйіңнен алыстағы үй».
Жақсы мектептер бойынша жолсілтеме
1407 жылы негізі қаланған Освестри мектебі
Ұлыбританияның ең көне мектептерінің бірі болып
табылады. Мектеп табиғаты әдемі ауылдық жерде
орналасқан ағылшынның ескі мәнердегі әдеттегі
қауіпсіз сауда қалашығының шет жағында орын
тепкен. Біз үздік академиялық нәтижелерімізді
мақтан тұтамыз; соңғы жылдардың ішінде
А деңгейіне емтиханды табысты түрде
тапсыру деңгейі 97-100% құрады және GCSE
сертификаттарының 90%-ға жуығының бағалары
A-C.
Жалпы үлгерім және музыка, өнер мен спорттағы
үздік жетістіктер үшін 50%-ға дейін стипендия
беріледі.
Мектепте үш жайлы пансион бар, онда
пансионерлер қамшыл әрі білікті қызметкерлердің
қамқорлығына бөленген. Әр пансионда тұрақты
тәрбиеші жұмыс істейді, және де әр оқушыға
тәлімгерлік қамқорлықтың жоғары деңгейі
қамтамасыз етілген. Қазіргі заманғы кең асханада
күніне үш мезгіл тамақтану ұйымдастырылған;
тамақ швед үстелі пішімінде әзірленіп қойылады,
оған жаңа піскен көкөніс, жемістер мен десерттер
кіреді. Әрқашанда кез келген диеталар үшін кең
таңдау мүмкіндігі бар.
Шетелдік оқушылар келесі жылдың қыркүйегінде
мектепке оқуға түсу үшін желтоқсан айынан
кешіктірмей өтініш беруге тиіс. Мектептің
шағын көлемі және оқытушылар мен оқушылар
саны арақатынасының жоғары болуы үйлесім
тауып, бізге әр оқушының дара тілін тауып,
балаларымызға үнемі қамқорлық жасауға және
ілтипат қоюға, оларға бас-көз болуға, оқушыларды
одан әрі академиялық және тұлғалық өсуге
ұмтылуға ниеттеуге мүмкіндік береді.
Алтыншы сынып маңызды дайындық және мектеп
пен университеттің арасындағы өтпелі кезең деп
қарастырылады. Алтыншы сыныпта оқушыларға
қарқынды қолдауды қамтамасыз ету үшін сабақ
шағын топтарда өткізіледі.
А деңгейінің пәндеріне ағылшын әдебиеті,
математика, жоғары математика, экономика,
физика, химия, биология, психология, кәсіпкерлік
негіздері, ICT, латын, француз, испан және орыс
тілдері, тарих, география, музыка, қоғамтану және
саясаттану, өнер, жобалау технологиясы және
спорт сабақтары кіреді.
Халықаралық бакалавриат Освестри мектебінің
оқу жүйесіне кіргізілмеген, бірақ біз 16 жастан
үлкен оқушыларға арналған бір жылдық IGCSE
бағдарламасын ұсынамыз.
Біздің оқушыларымыз әр түрлі университеттерге
түсуге өтініш берген кезде әрдайым табысқа
жетеді және де олардың көпшілігі таңдаған
университетіне бірінші рет өтініш бергеннен кейін
түседі. Біздің түлектеріміз оқуға түсіп жүрген
университеттер: Оксфорд, Кембридж, Дарем,
Уорик, Лондонның экономика мектебі, Лондонның
Университеттік колледжі, Манчестер, Лидс,
Бристоль және Ұлыбритания мен шет елдердегі
басқа да үздік университеттер.
Мектепте сыныптан тыс алуан түрлі қызметтің
кең ауқымы ұсынылады, соның ішінде баскетбол,
крикет, регби, гольф, жауынгерлік көнер, жеңіл
атлетика, гимнастика, би, желкен спорты, жүзу,
теннис, велосипед спорты, қайықпен жүзу, атпен
жүру, үстел теннисі, атыс, драма өнері, хормен ән
айту, киноклуб, оркестр, самба ансамблі, сән және
стиль клубы, зергерлік өнер, мұражайлар мен
театрларға бару және тағы да көптеген басқасы
бар!
Сұрау салу бойынша EAL бойынша қосымша
сабақтар өткізіледі.
Біз 11 - 17 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың
өтініштерін қабылдаймыз.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Аппер Брук Стрит,
Освестри, Шропшир,
SY11 2TL
Тел: +44 (0)1691 655711
Орналасқан жеріміз:
Освестриден
Манчестерге дейін
90 минут
Оқушылардың жасы: 11 - 18 жас
Оқушылардың саны: 335
Пансионерлердің саны: 154
Шетелдік оқушылар: 123
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:9
Жылдық оқу ақысы: (22,080 – 27,720 фунт стерлинг)
KAZAKH
1...,37,38,39,40,41,42,43,44,45,46 48,49,50,51,52,53,54,55,56,57,...86
Powered by FlippingBook