51
Пэдворт Колледжі
РЕДИНГ
Толық ақпарат
Колледж Хитроу әуежайынан 40 минуттық
жолда Беркшир аумағындағы әдемі ауылдық
жерде ауданы 15 акр кампуста орналасқан.
Пэдворт – шетелдік оқушылардың тұруы мен
оқуы үшін қауіпсіз әрі сенімді орын. Шағын және
достық қалыптағы Пэдворт мектебін мықты
ұжымшылдық сезімі ерекше етеді, бұл жерге
келгендердің барлығы мұны бірден көреді. Бұл
қасиет оқушыларды өздерінің академиялық
мақсаттарына жетуге және өз таңдауы бойынша
университеттерге
түсуге
ынталандыратын,
қолдау көрсететін оқу ортасын жасайтын барлық
аспектілердің негізінде жатыр.
Академиялық бейін
Пэдворт біздің оқушыларымыз тұрақты түрде
емтиханда көрсететін, олардың Ұлыбританияның
үздік университеттеріне түсуіне мүмкіндік беретін
өзінің академиялық табыстары мен өте жақсы
нәтижелерін мақтан тұтады. Өткен жылы біз
The Telegraph ұлттық газетінің кестесінде шағын
тәуелсіз мектептер санатында академиялық
үлгерім бойынша 7-ші позицияға шықтық, сондай-
ақ Ұлыбританиядағы бірлескен оқудың ең үздік 50
пансионының тізіміне кірдік.
Тұратын жер
Оқушылар демалатын бөлмелері мен асүй бөлмесі
бар кампустың жайлы үйлерінде қоныстанады –
бөлмелердің көпшілігі бір орындық, бірақ жасы
кіші мектеп оқушыларына арналған екі орындық
бөлмелер де бар.
Жағдайлар
Кампуста баскетбол, футбол, волейбол, нетбол,
теннис пен бадминтон ойнайтын спорт алаңдары,
сондай-ақ жазда жұмыс істейтін үсті ашық
жүзу бассейні бар. Толығымен жабдықталған
гимнастика залы, сондай-ақ үстел теннисін, мини-
биллиард және үстел футболын ойнауға болатын
демалыс алаңдары оқушылардың ерекше
ықыласына ие.
Level A (A деңгейі)
Пэдворт мектебі бухгалтерлік есеп, бизнесті
ұйымдастыру, биология, химия, экономика,
ағылшын тілі мен әдебиеті, көркем сурет,
география, саясаттану, АКТ, математика мен
жоғары математика, әлеуметтану, физика және
физиология сияқты пәндер бойынша Level A (А
деңгейі) емтиханына дайындықтың екі жылдық
курсын ұсынады. Оқудың бірінші жылында
оқушылар AS деңгейіне дейін оқу үшін 4 пәнді
таңдап, әдетте үш пәнді екінші жылы жалғастырып
оқиды. Халықаралық студенттер сонымен қатар
тілдік қолдау алып, ағылшын тілін деңгейлер
бойынша және IELTS емтихандарына дайындық
ретінде оқиды.
Университеттерге жолдамалар
Кембридж,
Бат,
Ливерпуль,
Саутгемптон,
Шеффилд, Кардифф, Эксетер және Лондондағы
Өнер Университеті.
Тілдік қолдау
Біз ағылшын тілін үйрену халықаралық оқушылар
үшін табысқа жетудің басты факторы деп
есептейміз, сондықтан бізде EFL оқытушылардың
кәсіпқой командасы жұмыс істейді, олар барлық
оқушыларға ағылшын тілін қосымша төлемақысыз
тиісті деңгейде үйретеді.
Біз ұсынатын Level A (А деңгейіне) алдын ала
дайындық курсы ағылшын тілін үйренуді және
әдеттегі академиялық оқуды біріктіреді және тіпті
GCSE сертификаттарының көбісін алуға мүмкіндік
береді – бұл курс А деңгейінің бағдарламасын
үйренгісі келетін, бірақ өзінің ағылшын тілін білу
деңгейін жақсартуға мұқтаж оқушыларға жақсы
негіз береді. А деңгейінің бағдарламасын оқып-
үйреніп жатқан біздің барлық оқушыларымыз
академиялық оқуда және IELTS емтихандарына
дайындықта көмек ретінде ағылшын тілінен
қолдау алады.
Студенттердің бейіні
Пэдворт – бұл 21 елден, соның ішінде
Ресей, Украина, Қазақстан, Қытай, Вьетнам,
Таиланд, Ливия, БАӘ, Нигерия, АҚШ, Испания,
Португалия, Италия, Латвия, Пәкістан мен
Түркиядан келген бозбалалар мен қыздар оқитын
халықаралық мектеп; біздің оқушыларымыздың
80%-ы шетелден келіп, нақты халықаралық
қоғамдастықты қалыптастырады. Біздің студенттік
қоғамдастығымыздың мәдени алуантүрлілігі бүкіл
дүние жүзінен достарды табуға бірегей мүмкіндікті
қамтамасыз ететін біздің колледжіміздегі өзара
түсіністік пен сыйластыққа негізделген ахуалдың
басты қыры болып табылады.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Пэдворт Колледжі,
Пэдворт, Рединг,
Беркшир RG7 4NR
Тел.: +44 (0)118 983 2644
Орналасқан жері:
Оксфорд:
40 минуттық жол;
Лондон:
1 сағаттық жол
Мектептің тұрпаты: Халықаралық бірлескен оқу мектебі, пансион
мен күндізгі мектепті біріктіреді
Оқушылардың жасы: 13 – 19 жас
Оқушылардың саны: 110
Пансионда оқушылардың саны: 100
Халықаралық оқушылардың саны: 95
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:8
Пансион үшін жыл сайынғы төлемақы: (жылына фунт стерлинг):
бір тоқсан үшін 9464, оның ішінде оқудың, пансионның, ағылшын
тілін үйренудің және әуежайдан жеткізудің құны кіреді.
KAZAKH