59
Әулие Эдуард мектебі
ОКСФОРД
Әулие Эдуард мектебі – өркендеген халықаралық
Оксфорд қаласында орналасқан жетекші оқу
орны.
Бұл мектепте ынтагерлік пен ат салысуға ерекше
көңіл бөлінеді.. Оқушылардың барлығы өздерінің
академиялық зерттеулері бойынша көп еңбек
етіп, өз мүмкіндіктеріне шын көңілден сенуге тиіс.
Олар сондай-ақ толып жатқан факультативтердің
артықшылықтарын пайдаланып, мектептің өміріне
кеңінен ат салысуы керек.
Қағидаттар
Мектептен тыс сан алуан істермен қызыға
айналысатын шәкірттер мектепте жақсы оқуын
жалғастыруға тиіс.
Академиялық бейін
Академиялық оқу үлгерімі Әулие Эдуард
мектебінің негізгі іргетасы болып қаланған.
Шәкірттер көп еңбектеніп, өздерінің білім алуы
үшін жауапкершілік көтеруге және өздерінің
алдынан ашылған толып жатқан мүмкіндіктерді
зияткерлік көкжиектерін кеңейту үшін пайдалануға
тиіс. Мектеп GCSE аттестатын , A деңгейіндегі
аттестатты және IB дипломын ұсынады .
Шәкіртақылар
13 жастан кейін мектеп мынадай шәкіртақыларды
ұсынады: академиялық, спорт, музыка, әмбебап,
өнер, би және драма бойынша шәкіртақылар.
16 жастан кейін: академиялық, спорт, музыка,
өнер, би және драма бойынша шәкіртақылар.
Толығырақ ақпарат мектептің сайтында берілген.
Тұратын жер
Оқушылар 12 ғимараттың бірінде қоныстанады
(5 ғимарат қыз балаларға арналған, 7 ғимарат ұл
балаларға арналған). Шетелдік оқушылар үшін
пансионат жұмыс істейді, яғни мектеп олар үшін
жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де
ашық.
Материалдық база
Мектеп ауданы 100 акр учаскеде орналасқан, онда
15 спорт алаңшасы, жасанды шөп жамылғысы бар
2 алаң, крикетке арналған 2 павильон, нетбол мен
теннис ойнауға арналған, кез келген ауа райына
жарамды корттар, Годстоу өзеніндегі қайық бекеті
және гольф ойнайтын алаң орналасқан. Сондай-
ақ жүзу бассейні (25 м), американдық сквош ойыны
мен бөлме теннисіне арналған корттар, қазіргі
заманға лайық жаттығу залы, фитнеспен және
спиннингпен айналысуға арналған жайлар бар.
Мектепте «Солтүстік қабырға» кәсіптік кескіндеме
орталығы жұмыс істейді, ол сондай-ақ мектептің
драмтеатры мен би үйірмесінің мекені болып
табылады да, үлкен қоғамдық бағдарламаны
ұсынады.
Халықаралық студенттер үшін қабылдау
емтихандарын тапсыратын күндер
6-сыныпқа қабылдау емтихандары – 2014 жылғы
5/6 қараша; 13+ емтихандары 2015 жылғы 20
қаңтарда өткізіледі. Оқушылар Ұлыбританияға
келе алмайтын болса, емтихандарды шетелде
тапсыра алады. Толық мәліметті тіркеушімен
талқылауға болады.
6-сынып
6-сыныпта оқушылар А деңгейіндегі аттестат
бағдарламасы немесе халықаралық бакалавриат
бағдарламасы бойынша оқиды.
Университеттер
Ең үздік 10 университет: Бристоль, Лондон
(университет,
сондай-ақ
Корольдік
және
Империялық колледждер), Ньюкасл, Дарем,
Эксетер, Лидс, Манчестер, Бирмингем, Уорик
және Оксфорд.
Оксбридж
Көптеген оқушыларға жыл сайын Оксфорд/
Кембридж және Америкадағы Шырмауық
Лигасының университеттерінде оқу орындары
ұсынылады.
Тіл жағынан қолдау
Қабылдау емтихандарында біздің оқушыларымыз
ағылшын тілін шет тілі ретінде білуі жағынан
сынақ тапсырады (EAL). Кіші сыныптардың
оқушыларының
шамамен
алтауына
жыл
сайын, кейбіреулеріне алғашқы жыл бойы,
ал кейбіреулеріне GCSE аттестатын алғанша
оқу кестесінде мәлімденген пәннің орнына
EAL оқып-үйренуде қолдау көрсетіледі. EAL
бойынша төртінші сынып оқушылары IGCSE
алу емтиханын ESL шеңберінде тапсырады .
6-сыныптың бірнеше оқушысы сондай-ақ апта
сайын жеке сабақтарға қатысады, ал ағылшын тілі
бойынша GCSE аттестатынсыз келетіндер IELTS
сынағын тапсырады. Факультет ағылшын тілі
кафедрасымен тығыз ынтымақтаса жұмыс істейді.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Вудсток Роуд,
Оксфорд OX2 7NN
Тел: +44 (0)1865 319200
Орналасқан жері:
Оксфорд - Лондон:
1 сағат
Мектеп түрі: Пансионат және кәдімгі мектеп
Жасы: 13 – 18 жас
Оқушылардың саны: 680
Пансионда оқушылар саны: 80%
Халықаралық студенттер саны: 13%
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:20 төменгі
сыныптарда; 1:12 алтыншы сыныпта
Жылдық оқу ақысы: (фунт/жыл): 33 333
KAZAKH