Schools Brochure - page 67

67
TASIS
Жыл сайын TASIS England мектебі басқа жақтан
келген 200 оқушының екінші үйіне айналады.
Біздің қонақжай қауымда 50-ден астам ұлттың
оқушылары мінез-құлқын шыңдауға, үздіксіз оқып-
үйренуге және мәдениеттердің сан алуандығын
бағалауға деген ынтасын жетілдіретін ортада өмір
сүріп, білім алады.
Лондонның орталығына және Хитроу әуежайына
жақындығы Лондон мен Еуропаның мәдени
мұрасын тамашалауға мүмкіндік береді. Сапарда
өткізілетін сабақтар, сенбі-жексенбідегі жұмыстар
мен шетелге шегетін саяхаттар сыныптан тыс
оқып-үйрену ауқымын кеңейте түседі.
Сабақ үлгерімі
Шағын сыныптар, бейінді профессорлар мен
оқытушылар құрамы және сапалық көрсеткіштері
теңдесі жоқ білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді. Ағылшын тілі ана тілі болып табылмайтын
шәкірттер ағылшын тілін оқытудың уақыт
сынынан өткен біртұтас бағдарламасының
артықшылықтарын көреді.
Ұсынылатын оқу бағдарламасына американдық
орта білім туралы аттестат, білім деңгейі бойынша
топтарға бөлетін 20 курстың бірін таңдау және
халықаралық бакалавриат (IB) туралы диплом
кіреді. Біздің IB студенттері соңғы 5 жыл бойы
99% үлгерім пайызын алып келді, ал дүниежүзілік
орташа пайыз – 79%. Ұлыбританиядағы ең үздік
тәуелсіз 25 IB мектебінің ішінен TASIS England
мектебі 2014 жылы IB үлгерімі бойынша аса
беделді Crystal Award жүлдесін жеңіп алды.
2015 жылы бітірген түлектер орташа 34 баллға
жетті, бұл дүние жүзі бойынша орташа 29 баллдан
әлдеқайда жоғары, ал үміткерлердің 30%-ы екі
тілдегі IB дипломдарын алды.
Қосымша білім алу
Шетелден
келген
оқушылардың
барлығы
Күзгі саяхат аптасында Еуропаның әр түрлі
жерлеріне мектеп тарапынан басқарылатын білім
сапарларына қатысады. Сыныптан тыс сабақтар,
қоғамға пайдалы жұмыс, театр, өнер, музыка
және жетекшілік ету мүмкіндіктері (соның ішінде
БҰҰ Үлгісі және Эдинбург герцогының жүлдесі)
олардың алатын білімін молайта түседі.
Жан-жақты дене шынықтыру бағдарламасы
белсенді және сайыскерлік спорт түрлерін
қамтиды. Командалар Еуропада және одан тыс
жерлерде өткізілетін турнирлерге барып тұрады.
Болашаққа көз тастау
Оқушылар адамдармен жақсы араласу, пікір
таластыруда сенімді болу, толып жатқан келешек
мүмкіндіктерді түсіне білу және түрлі мәдениет
өкілдерімен бірге жұмыс істеу дағдыларын
дамытуға ынталандырылады. Осы ғұмырлық
дағдылар олардың болашағы үшін құнды құрал
болып шықпақ.
Біздің студенттер университеттік «ұстаз-шәкірт»
тәлімгерлігінің артықшылықтарын пайдаланады
және жуырдағы түлектеріміз әлемдегі жетекші оқу
орындарының бірқатарына қабылданды, олардың
ішінде мыналар бар:
• АҚШ-та – Браун, Корнелл, Дьюк, Джорджия
Технологиялық
Университеті,
Гарвард,
Джонс Хопкинс, Массачусетс Технологиялық
Университеті, Нью-Йорк Университеті, Нотр-
Дам, Принстон, Род-Айленд суретшілер мектебі,
Стэнфорд және Калифорния, Пенсильвания мен
Вашингтон университеттері.
• Ұлыбританияда – Әулие Мартин атындағы
Орталық Өнер және Дизайн колледжі, Дарем
Университеті, Лондон Империялық колледжі,
Лондон Корольдік колледжі, Лондон Экономика
мектебі, Лондон Университеттік колледжі және
Бат, Бристоль, Эдинбург, Манчестер, Ноттингем,
Оксфорд және Сент-Эндрю университеттері.
“TASIS England мектебінің студенті болған
кезімде маған бәрінен де ұнағаны студенттердің
бірегей қауымы болатын»,
дейді 2015 жылдың
түлегі.
«Бүкіл дүние жүзінен жиналған шәкірттер
оқитын мектеп менің ой-өрісімді жан-жақты
және халықаралық тұрғыдан кеңейтуіме жағдай
жасады, сондай-ақ кең ауқымды білім негізін
қалады».
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Coldharbour Lane,
Thorpe, Surrey
TW20 8TE
Тел: +44 (0)1932 582316
Лондоннан
қашықтығы:
20 миля / 32 км
Лондондағы
Хитроу әуежайынан
қашықтығы:
8 миля / 12 км
Тәуелсіз , бірге оқытатын, күндіз оқитын жабық оқу орны
740 оқушы (3 – 18 жас), соның ішінде
200 пансионда оқитын оқушы (14 – 18 жас)
Оқушы-факультет арақатынасы: 6:1
Сыныптың орташа мөлшері: 15
Жылдық пансион ақысы: 38,350 фунт стерлинг
KAZAKH
1...,57,58,59,60,61,62,63,64,65,66 68,69,70,71,72,73,74,75,76,77,...86
Powered by FlippingBook