63
Седберг Мектебі
СЕДБЕРГ
Седберг дайындық мектебі Кастертон қаласының
маңындағы ең жақын жатқан деревняда
орналасқан (15 минуттық жол). Оқушылар
пансионға 8 жастап бастап қабылданады.
Жан-жақты білім беру
Седберг Мектебінің негізі 1525 жылы қаланған
және ол Ұлыбританияда аздап қалған дәстүрлі
«үйлер жүйесіндегі» толық пансионы бар
мектептердің бірі болып табылады. Оқушыларға
ерекше тәлімгерлік қамқорлық жасалады, олардың
әрқайсысы академиялық зерттеулерде, спортта
немесе өнерде өзінің әлеуетін дамытуға мүмкіндік
алады. Әр оқушыға куратор бекітіліп, ол оның
үлгерімін және тұлғалық дамуын қадағалайды.
Мектепте уақытша немесе апталық негіздегі
пансионерлер жоқ болғандықтан, демалыс күндері
оқушылардың кем дегенде 85%-ы кампуста
қалады. Бұл уақытта оқушылар дәл жұмыс
күндеріндегідей бос отырмайды – таңертеңгі
сенбілік сабақтарға, спортқа, драма үйірмесіне,
музыкаға, пікірталас клубына барады, бұған қоса
барлық оқушылар сенбілік кештердегі қоғамдық іс-
шараларға қатысады.
Йоркшир Дейлздегі Ұлттық саябаққа жақын
жатқан әдемі әрі қауіпсіз жерде орналасқан
Седберг мектебі сыныптан тыс жұмыс және
қызықты оқиғалар үшін көп мүмкіндік жасаған.
Седберг мектебі Ұлыбританиядағы жетекші спорт
мектептерінің бірі ретінде кеңінен танымал және
ол желқайық спортын, регби, теннис, хоккей,
крикет, нетболл, атыс, жеңіл атлетика, ойлы-
қырлы жердегі кросс, «бестіктер», футбол, сквош,
жүзу, теннис, тау велосипедімен жүру, каноэмен
жүзу, атпен жүру, спорттық жүріс, үңгірлерді
зерттеу (спелеология) және құзға шығуды қоса
алғанда, спорттың 35 түрі бойынша сабақтарды
ұсынады. Жылдың ең күтіліп отырған оқиғасы –
бұл сонау 1881 жылы басталған даңқты тарихы
бар Wilson Run .
Сондай-ақ музыка да Седберг мектебінің өмірінде
үлкен орынға ие – мұнда үш оркестр, бес хор,
би оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі және
көптеген ансамбльдер бар. Седберг мектебінің
көптеген оқушылары ұлттық оркестрлар мен
хорлардың мүшелері болып табылады. Тұрақты
түрде театр спектакльдері ұйымдастырылады
және әр үй жыл сайын мектеп ұжымына арналған
ойын-сауық бағдарламасын назарға ұсынады.
Моральдық қағидаттар
Тамаша академиялық білім беруден басқа,
Седберг мектебі өзінің оқушыларын өмірге
дайындайды. «Отбасылық түскі ас» уақытында
және әдеттегі мектеп күндерінің барысында
оқушылар жақсы мәнерге және айналадағы
адамдарды сыйлауға тәрбиеленеді, ал көпұлтты
және араласқан оқушылар ұжымы білім беру ісіне
өзінің маңызды әлеуметтік үлесін қосады, бұл
орайда ол этикет ережелерін үйренуге, әлеуметтік
машықтарға ие болуға және өз бойында алуан
түрлі әлеуметтік жағдайларда өзін табиғи және
жағымды сенімділікпен ұстау қасиетін тудыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қоғамдық қызмет, қайырымдылық
және қайырмалықтар жинау да сыныптан тыс
жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады.
Академиялық бейін
Седберг мектебі әр түрлі пәндер бойынша Level A
(Aдеңгейі) , i-GCSE және GCSE сертификаттарын
алуға емтихандаға дайындықты ұсынады. Жыл
сайын аталған емтихандарда шамамен 100%
нәтиже алып жүрген Седберг мектебінің түлектері
британдық және шетелдік жетекші университеттер
үшін қалаулы талапкерлер болып табылады.
Соңғы жылдарағы академиялық нәтижелерді
вебсайттан қарауға болады
Sedbergh/Academics/Academic-Results
Стипендиялар
Седбергмектебініңбірнешепәнбойыншадарынды
студенттерге арналған стипендиялардың шектеулі
саны бар. Стипендиялар мектепте өткізілетін
қарқынды асесменттен кейін 9, 10 және 12 сынып
оқушыларына беріледі.
Шетелдік студенттерге арналған оқуға түсу
емтихандарының күндері
Өтініштер жыл бойы қабылданады. Мектепке
кез келген күні келгеніңіз құпталады және рұқсат
етіледі.
Тілдік қолдау
Қосымша төлемақы үшін EAL сынағынан өтуге
болады. Әдетте сабақтар шағын топтарда
өткізіледі,
сабақтардың
саны
оқушының
қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Седберг Мектебі,
Седберг, Камбрия,
LA105HG,
Ұлыбритания.
Тел.: +44 (0) 15396 20535
Орналасқан жері:
Англияның
солтүстік-батысы.
Манчестер әуежайы:
90 минут.
Мектептің тұрпаты: тәуелсіз бірлескен оқу мектебі
Оқушылардың жасы: 13-18
Оқушылардың саны: 500
Пансионда оқушылардың саны: 490
Халықаралық оқушылар: 100
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:8
Пансион үшін жыл сайынғы төлемақы: 30312 фунт стерлинг
KAZAKH