55
Әулие Клара колледжі
ОКСФОРД
Әулие Клара колледжі – 1953 жылы
«халықаралық білім беру ісі мен өзара түсіністікті
дамыту мақсатында» құрылған халықаралық
колледж. Колледждің басты құндылықтары
интернационализм және білім берудің жоғары
деңгейі болып табылады. Мұнда ұл балалар
мен қыз балаларды бірлесіп оқыту күндізгі
оқу, сондай-ақ толық пансион негізінде жүзеге
асырылады. Бұл жерде 35 жылдан астам уақыт
халықаралық бакалавриат курсы оқытылып
келеді – бұл Ұлыбританияның қалған мектептері
мен колледждеріндегіден ұзақ. Әулие Клара
колледжінің студенттері соңғы екі жыл бойы
Оксфордшир графтығында алтыншы сынып
бойынша ең үздік нәтижелер көрсетуде.
Колледжде әлемнің 44 елінен келген студенттер,
соның ішінде Ұлыбританиядан шыққан студенттер
оқиды. Мұнда бейресми әрі достық ахуалы
қалыптасқан, және оқуға да, сондай-ақ жеке
жауапкершілікті тәрбиелеуге де бірдей көңіл
бөлінеді. Әр студентке жеке тәлімгер бекітіліп
берілген, ол студенттің аман-саулығы мен оқу
үлгерімін қадағалайды.
Студенттердің көпшілігі толық IB курсына түседі.
Колледжде толып жатқан пәндер өтініш бойынша
стандартты және жоғары деңгейде оқытылады,
және соған қоса, әр түрлі 25 тілді үйрену
мүмкіндігі бар. Жыл сайын колледж ауысып
келген студенттердің (дайындық курстарынан)
шамалы санын қабылдайды. Толық IB курсына
дайындығы жоқ студенттер үшін жыл бойы үнемі
ауысу емтихандары тапсырылатын алдын ала IB
курсы ұсынылады. Әлеуметтік, мәдени және спорт
факультативтерінің ауқымды бағдарламалары
бар, және студенттер Оксфорд беретін барлық
артықшылықтар мен мүмкіндіктерді пайдалана
алады.
Колледжде
сондай-ақ
аса
табысты
IB
Институты жұмыс істейді, ол алдын ала оқыту
мен біліктілікті жоғарылату бағдарламаларын
ұсынады. Колледждің сондай-ақ IBO ұйымымен
бірлесе отырып, жаңа бастаған және тәжірибелі
оқытушылар үшін IB семинарларын өткізуге
құқығы бар.
Колледж Солтүстік Оксфордтағы табиғаты көркем
қорықта орналасқан және Виктория дәуірінің
28 үлкен ғимаратын алып жатыр, оларға қазіргі
заманғы ғимараттар жапсарлас салынған.
Мұнда тамаша кітапхана (35000 кітап), IT кешені
және Мансап пен жоғары білім беру ісін дамыту
орталығы, 4 ғылыми зертхана, кескіндеме мен
музыка студиялары, асхана және Sugar House
атты танымал кафе бар. Студенттер орталық
кампустың жанындағы колледж үйлерінде тұрады.
Олар жергілікті қызметкерлердің қамқорлығына
бөленген.
Колледж жынысына, нәсілдік тегіне немесе діни
нанымына немесе ұлтына қарамастан, өтініштерді
студенттердің барлығынан қабылдайды. Оқуға
түсу үлгерімнің, жүргізілген сұхбаттың және
жасырын сипаттағы мектеп есебінің нәтижелеріне
негізделген.
Конкурстық
негізде
түрлі
шәкіртақылар алуға және емтиханның, жүргізілген
сұхбаттың және топтағы сабақтардың нәтижелері
бойынша әлеуметтік бағдарламаларға қатысу
құқығын иеленуге болады.
Колледж 2008 жылғы наурызда ISI тексерісінен
сәтті өтті; толық есепті, сондай-ақ 2014 жылғы
емтихандардың нәтижелерін колледждің сайты
арқылы алуға болады.
Әулие Клара колледжі соңғы төрт жыл бойы
Оксфордшир бойынша Мемлекеттік үлгерім
кестесінің басында тұр және Ұлыбританияның
барлық мектептерінің ішінде сегізінші орын алады.
Қайырымдылық ісінің күйі: Әулие Клара колледжі
қайырымдылық қаражатының ресми тіркелген
алушысы болып табылады, тіркеу нөмірі: 294085.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
139 Бэнбёри Роуд,
Оксфорд OX2 7AL
Ұлыбритания
Тел: +44 (0)1865 552031
Факс: +44 (0)1865 513359
Директор: Паула Холлоуэй ханым, BSc, PGCE, MSc Oxon, DipPM
Үйлестіруші: Кормак Кирби
Мәртебесі: Бірлескен оқу, пансионат және кәдімгі колледж
Аралас колледж: пансионат және күндізгі оқу
Жынысы: Бірлескен оқу
Оқу тілі: ағылшын
Ұсынылатын бағдарламалар: IB және алдын ала IB
курсыОқушылардың жасы: 15 -19
Оқушылардың саны: 270
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:9
Сыныптағы оқушылардың орташа саны: 9
Жылдық төлемақы: 34 090 фунт стерлинг (толық пансион) 16 707
фунт стерлинг (күндізгі оқу)
KAZAKH