75
Рекин колледжі
Толық ақпарат
Рекин колледжі міне, 130 жыл бойы британ білім
беру жүйесінің барлық дәстүрлерін сақтап келе
жатыр. Осыған қарамастан, ол іс жүзіндегі көп
ұлтты қоғамдастық болып табылады. Колледж
музыка, бейнелеу және театр өнері бойынша
көптеген әрі алуан түрлі бағдарламаларды,
спорт жарыстарын және пікірсайысқа қатысуды,
Эдинбург
Герцогының
Бірлескен
Кадет
корпусының бағдарламаларын (алғашқы әскери
дайындық), сондай-ақ тағы көптеген басқаларын
ұсынады. Дегенмен біз академиялық жетістіктерге,
одан әрі білім алу және табысты мансап әлемінің
есігін сенімді түрде ашуға мүмкіндік беретін кең
ауқымды машықтары мен іскерлігі бар өте білімді
әрі жан-жақты дамыған тұлғаларды дайындауға
негізгі көңіл бөлеміз.
РЕКИН - БҰЛ
• әр бала оны өзінің мектебі деп есептейтін мектеп,
әр балаға табысқа жетуге бірдей мүмкіндіктерді
беретін мектеп;
• мақтан тұтуға тұрарлық негіздері бар, бірақ
табысқа мастанбайтын мектеп;
• оқушылары бірінші дәрежелі білімнің оларға
берілген артықшылық екенін, оны олар
өздерінің бүкіл кейінгі өмірінде ақтап шығуға тиіс
болатынын түсінетін мектеп;
• оқудың белгілі бір құрамдас бөліктерінің жай
жиынтығы емес, одан әлдеқайда зор дүние
болып табылатын, басқа әйгілі мектептер қандай
білім беруді ұсынса, дәл соны ұсынатын, бірақ
сонымен қатар одан да зор дүниені – Рекин
білімін ұсынатын мектеп.
Мектептің аумағы 100 акр жерді алып жатыр
және оған Өнер Мектебі, Дизайн мектебі, музыка
мектебі, арнайы салынған 200 орындық театр,
фитнеспен шұғылдану үшін қажетті барлық
жағдайлар, сквошқа арналған алаңдар, жыл бойы
пайдаланылатын төбесі жабылған, арнайы төсемі
бар спорт алаңдары, крикет пен регбиге арналған
алаңдар, тенниске және нетбол ойынына
арналған корттар, спортзалдар, тренажер залы,
ұзындығы 25 метр 6 жолағы бар төбесі жабылған
жүзу бассейні, бессайысқа арналған алаңдар,
ескекшілерге арналған тренажерлар, компьютер
сыныптары, кітапхана, кішкентай шіркеу және
Университетке түсуге дайындық орталығы кіреді.
Мектептің кеңінен танымал гимнастика командасы
бар. Қазіргі уақытта мектепте Ұлыбританияның
гимнастика бойынша жасөспірімдердің, сондай-
ақ ересектердің құрама командасының мүшелері
оқып жатыр, оларды BBC спорт түсініктемешісі әрі
аға бапкер Кристина Стилл жаттықтырып жүр. Біз
өз спортшыларымыз үшін ынталы жаттығулардың
және оқу сабақтарының арасында ақылға
қонымды, үйлесімді теңгерім құра білеміз.
Мектептің бірегей ұсынысы
Атап көрсетілгенге қоса, Рекин колледжі өзінің
бизнес мектебін ашып, онда оның оқушыларына
іскерлік әлемге дербес шомуға мүмкіндік
беретін арнайы орта жасалған. Іс жүзінде бар
компаниялар мен кәсіпкерлер белсенді түрде
қолдау көрсетіп отырған осы тәжірибелік құрамдас
оқушылардың алатын білімінің академиялық
аспектілерін толықтыра түседі. Бухгалтерия,
бизнесті зерттеу, экономика және психология
сияқты пәндер бойынша тек Бизнес Мектебінде
ғана сабақ беріледі.
Академиялық бейін
Рекин колледжінің тамаша академиялық беделі
бар. Біз зияткерлік білуге құмарлыққа жан-жақты
ынталандыратынымызды, ал біздің өте тамаша
әрі рухтандыратын оқытушыларымыздың оқу
процесін тартымды, қызықты ететінін мақтан
тұтамыз. Біздің басты қағидатымыз - әр балаға
өзінің мүмкіндіктеріне барынша жетуге көмектесу,
оларды қатаң бәсекелестік әлеміне кіруге
дайындау, олардың болашақ өмірін байыту үшін
оларға ешқашан өшпейтін оқуға сүйсіну сезімін
беру және білімнің баға жетпес құндылық екенін
түсіне білуге үйрету.
Рекин колледжі балаларды зияткерлік белгісі
бойынша арнайы іріктеп алмайды, бірақ біздің
мектеп үздік болып саналады және бірыңғай
ұлттық емтихан тапсыру кезінде жоғары деңгейге
ие болған студенттердің санына мектептің қосатын
үлесін өлшейтін жүйе - ALPS тізімі бойынша ең
жоғары бағаланған ұлттық мектептердің 6%-ына
кіреді. Бұл жағынан Рекин колледжінің теңдесі жоқ.
Біз өз түлектеріміздің академиялық табыстарын
мақтан етеміз.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Рекин колледжі,
Веллингтон қаласы,
Шропшир TF1 3BH
Тел.: +44 (0) 1952 265600
Қабылдау комиссиясы:
+44 (0) 1952 265603
Орналасқан жері:
Манчестер мен
Ливерпульдің
әуежайлары бір
жарым сағаттық
жолда жатыр,
сондай-ақ Хитроу
әуежайы да онша
қашық емес.
Мектеп түрі: Тәуелсіз күндізгі оқу мектебі және ұл балалар мен қыз
балалардың бірлескен оқуына арналған интернат
Оқушылардың жасы: 11 – 18 жас
Оқушылардың саны: 400
Пансионда оқушылар саны: 93
Шетелдік оқушылар: 43
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:9
Жылдық оқу ақысы: 23 940 - 27 780 фунт стерлинг
Өтпелі жыл: пансионның және қосымша ағылшын тілі курсының
құны: 1200 фунт стерлинг – орта деңгей, 2400 фунт стерлинг –
төменірек деңгей
KAZAKH