Schools Brochure - page 84

84
Эррингтон иммиграциялық қызметтері
Студенттер
мен
олардың
туыстарына
арналған иммиграциялық қолдау
Ұлыбританияға қоныс аудару туралы заң, әсіресе,
Еуропалық экономикалық кеңістіктен (EEA) тыс
жатқан елдердің азаматтары үшін өте күрделі.
Мектепке немесе университетке түсу үшін
Ұлыбританияға келіп жатқан студенттерге ерекше
визаның қажет болатыны анық, оны олар сонда
оқуға түсейін деп жатқан тиісті оқу орны беруге
көмектеседі.
Студенттердің Ұлыбританияға келгісі келетін
туыстары да заңды негіздерде тиісті визамен
Ұлыбританияға кіруге және сонда болуға рұқсат
алудың қамын жасауға тиіс.
Көптеген студенттер және олардың туыстары оқу
аяқталғаннанкейінәлемдікжетекшіорталықтардың
бірінде мансабын дамыту, мәдениетін зерттеу
және өзінің инвестицияларынан пайда алу үшін
өздерінің Ұлыбританияда жүру мерзімін ұзартқысы
келеді.
Серіктес
Эррингтон
Иммиграциялық
қызметтері
Біз иммиграция бойынша заңгерлік кеңестер
беруге
және
студенттер
мен
олардың
туыстарының атынан виза алуға өтініштер беруге
Ұлыбритания үкіметінің рұқсаты бар, әлемдік
деңгейдегі иммиграциялық компанияның серіктесі
болып табыламыз.
«Эррингтон Иммиграциялық қызметтері» (EIS)
компаниясының қызметкерлерінің иммиграцияның
әр түрлі нұсқалары бойынша клиенттерге кеңес
беруден 45 жылдық тәжірибесі бар, олар бұл
нұсқаларды іске асырып нақты жағдайда ең
жақсы визаны таңдай отырып Ұлыбританияда
оқуға, жұмыс істеуге, инвестиция салуға, сауда
жасауға немесе қоныстануға мүмкіндік алады.
Қызметкерлер клиенттің сұраныстарын әлемнің
8 тілінде талқылай алады, сондай-ақ басқа
мәселелерді шешуге, мысалы, салықтар бойынша
жете ұғынуға көмектеседі, мүлікке немесе
консьерж-қызметке қатысты кеңес береді.
Студенттер
Ұлыбританияда оқу үшін (жекеше мектепте немесе
институтта, 16 жастан кейін) EEA қауымдастығына
мүше емес елдерден келетін барлық студенттерге
Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі берген,
күші бар 4-ші деңгейдегі демеушілік лицензиясы
бар білім беру провайдерінің көмегімен демеушілік
көмек берілуге тиіс. Студентке 4-ші деңгейдегі
демеушілік лицензияның иесінің демеушілік
жасауы білім беру провайдері студентке білім
алу үшін елге кіруге рұқсатты (Confirmation of
Acceptance for Studies - CAS) беретін жағдайда
мойындалады. EEA қауымдастығына мүше емес
елден келетін студенттің CAS рұқсаты болмаған
жағдайда ол мектепте не университетте оқу
мақсатымен Ұлыбританияға кіруге визаға өтініш
бере алмайды.
Кандидаттар өзінің оқу курсының талаптарына
және визаның тұрпатына сәйкес өзінің біліктілігін,
қаржыландыруды және ағылшын тілін білуін
растау ретінде белгілі бір құжаттарды ұсынуға тиіс.
4-ші деңгейдегі демеушіліктен басқа визалардың
басқа тұрпаттары да бар, мысалы, «Келермен
студент» (Student Visitor) немесе «Талапкер»
(Prospective Student), сондай-ақ отбасылық
нұсқалар – мысалы, жасы 12-ге толмаған баланы
алып жүрген ата-аналарға арналған виза.
Қосымша ақпарат
Студенттің иммиграциясының нұсқалары және
басқа визалар (инвестор, кәсіпкер немесе
демеушілік жасалатын қызметкер) туралы
толығырақ ақпаратты EIS компаниясынан info@
erringtonimmigration.com сайтынан алуға болады.
Сондай-ақ «Insperata Floruit» компаниясының
кеңесшісінен
сізді
EIS
компаниясының
қызметкерлерімен байланыстыру туралы сұрауға
болады.
Біз сіздің жағдайыңыздағы иммиграцияның ең
жақсы нұсқасын айқындау үшін ақысыз бастапқы
консультацияны қуана-қуана береміз.
KAZAKH
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
1...,74,75,76,77,78,79,80,81,82,83 85,86
Powered by FlippingBook