Schools Brochure - page 81

81
«QUEST
GUARDIANS»
КОМПАНИЯСЫ
ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
AEGIS (Халықаралық
студенттердің
білім беру және
қамқоршылық
қауымдастығы)
“«Quest Guardians»
компаниясы шетелдік
студенттерге, олардың
ата-аналарына және
мектептерге жоғары
сапалы және пайдалы
қызметтер көрсетіп
келеді. Қабылдаушы
отбасыларды
таңдауда және
студенттермен, ата-
аналармен, қабылдаушы
отбасылармен және
мектептермен
тұрақты байланысты
қамтамасыз ету
жағынан үлкен көмек
береді”.
Студент
“сіздің көмегіңіз
болмағанда мен осындай
қысқа уақыттың ішінде
бұл жерде тыныш
жұмыс істей алмайтын
және мұндағы өмірге
үйрене алмайтын едім”.
Ана
“Изабеллаға қолдау
көрсеткеніңізге рахмет.
Мен Мэлмен табысты
түрде жұмыс жасадым,
ол өте сыпайы және
әрқашанда көмектесуге
дайын. Мен Сіздің
компанияңыз туралы өз
достарыма әңгімелеп
бердім – қыркүйек
айында олардың ұл
баласы Ұлыбританияда
оқуды бастайды”.
Үй иесі әйел
“Сіздерге де рахмет,
мен Синдиге қамқорлық
жасағанда сіздермен
сүйсініп жұмыс істедім”.
“Quest Guardians” қамқоршылық агенттігі
шетелдік студенттерге қолдау көрсету мақсатында мектептермен және ата-аналармен жұмыс
«Quest Guardians» агенттігі Ұлыбританияның
пансиондарында оқып жатқан, ата-аналары
шетелде тұратын балаларға қамқоршылық жасау
қызметтерін көрсетеді. Компанияны 1994 жылы
Ш. Майклмор құрған болатын және қазір ол оның
ұлы Крис Майклмордың басшылығымен жоғары
кәсіптік деңгейде жұмысын жалғастырып жатыр.
8 аймақтық үйлестіруші (барлығы тәжірибелі
мұғалімдер) студенттерге және қабылдаушы
отбасыларға тұрақты түрде барып тұрады, ал бұл
кезде басқа 6 қызметкер Дорсеттегі бас офисте
әкімшілік қолдауды қамтамасыз етеді.
Шетелде тұрып жатқан ата-аналардың өз
балаларының қауіпсіз жағдайда екенін және
оларға оқу уақытында және мектептер жабық
тұрған кезде де қамқорлық жасалғанын білуі
қажет. Оқу кезінде студенттердің аман-саулығы
үшін негізгі жауапкершілік мектепке жүктеледі.
Бірақ Крис Майклмор немесе «Quest Guardians»
компаниясының қызметкері оқу процесін,
оқушылардың аман-саулығы мен бақытын
талқылау, сондай-ақ қабылдаушы отбасындағы
жағдайларды айқындау үшін әр тоқсан сайын
студенттерге мектепке барады. Сонымен қатар біз
қажет болған жағдайда немесе төтенше жағдаятта
тиісті шаралар қабылдаймыз, бұл мақсатта біз 24
сағаттық кезекшілікті қамтамасыз етеміз.
Мектеп жабық тұрған кезде «Quest Guardians»
компаниясы студент үшін жауапкершілікті өзіне
қабылдайды, студенттер мектеп жабық тұрғанда
сонда тұра алатын қабылдаушы отбасыларды
іздеу және іріктеу ісін жүзеге асырады, сондай-
ақ қажет болғанда көлікті қамтамасыз етеді.
Бұл кезеңдерде «Quest Guardians» компаниясы
қабылдаушы
отбасыларды
қадағалап
қамқоршылық функцияларын атқарады.
Ата-аналар жиі қоятын 6 сұрақ:
Менің балама қамқоршы не үшін керек?
Ұлыбританияда ресми талап бойынша шетелден
келетін әр баланы оның ата-анасының бірі немесе
қамқоршысы алып жүріп, оған қамқорлық жасайды
деп топшыланады:
• мектеп жабылған кезде (мысалы, каникулға)
және студенттер қабылдаушы отбасында тұруға
тиіс болғанда
• мектепке, қабылдаушы отбасына және әуежайға
баратын және одан кері қайтатын уақытта қолдау
көрсету үшін
• проблемалар болған жағдайда, мысалы, ауа
райы қолайсыз болғанда, ауру (шошқа тұмауы,
әдеттен тыс пневмония), тәртіптік шаралар
жағдайында
Қабылдаушы отбасы дегеніміз не?
Бұл өз үйінде студенттерге арнап бөлме ұсына
алатын алуан түрлі адамдар. Бөлмеде әдетте
үстел, шкаф және Интернетке кіру мүмкіндігі бар.
Үй иелері өз балалары бар жас ерлі-зайыптылар
жұбы, жесірлер немесе балалары өсіп кеткен
жасы үлкен отбасылар болуы мүмкін. БАРЛЫҚ
қожайындарды полиция тексереді, және олардың
барлығы шетелдік студенттерді қабылдау
құқығына алуға іріктеуден, сондай-ақ студенттерге
қызмет көрсету бойынша нұсқамадан өтеді.
Компанияда кім менің баламның қамқоршысы
болып жұмыс істейді?
Директор Крис Майклмор толық жауапкершілікті
көтереді, ол толық қамқоршылық қызметтерін
көрсету үшін әкімшілік қызметкерлер тобымен
және өрістік аймақтық үйлестірушілермен жұмыс
істейді, және үйлестірушілер Сіздің балаңызға
мектепке тұрақты түрде барып тұрады және
қабылдаушы отбасыларды тұрақты түрде
тексереді.
Менің балам қабылдаушы отбасының орнына
туыстардың немесе достардың үйіне орналаса
алады ма?
Ия, орналаса алады, бірақ бізге бұл туралы тоқсан
басталғаннан кейін 7 күннің ішінде хабарлауыңыз
қажет. Бұдан басқа, Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі
мүддесінде біз баланың жасына қарай қатаң
саясатты ұстанамыз.
Біз үшін электрондық хат немесе факс түрінде
ата-ананың жазбаша рұқсатының болуы қажет,
ал жасы кіші мектеп оқушылары үшін (16 жасқа
дейін) біз 25 жастан асқан, Ұлыбританияда тұрып
жатқан, студент бұл отбасыда тұратын уақытта
ол үшін өзіне жауапкершілікті қабылдайтын
ересек адамның (аты-жөні көрсетіліп) болғанын
талап етеміз. Саясат Студент анықтамалығында
(Students Handbook) және шетелде тұратын ата-
аналарға арналған нұсқаулықта (Overseas Parents
Guidelines) толығымен баяндалған.
Бұл қанша тұрады?
Тіркеу
жарнасы
150
фунт
стерлинг,
қамқоршылықтың жыл сайынғы төлемақысы
(жылына 1500 фунт стерлингке дейін) және
студенттің шығыстарына арналған депозит 1500
фунт стерлинг. Бұл депозит трансфер және бір
түнге 35-50 фунт стерлинг есебімен тұру үшін
төлеуге пайдаланылады. Егер шоттағы қалдық
300 фунттан кем болса, біз шотты 1500 фунт
стерлингке дейін толықтыру үшін төлемақы
сұратамыз.
Менің «Quest Guardians» компаниясының
қызметтерін пайдалануды тоқтатқым келсе, не
болады?
Сіз бізге ТОЛЫҚ БІР ТОҚСАН бұрын хабарлап
келісімді кез келген уақытта үзе аласыз. Біз
алдын ала төлемді және студенттің шығыстарына
арналған депозиттегі қалдықты қайтарамыз.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
KAZAKH
1...,71,72,73,74,75,76,77,78,79,80 82,83,84,85,86
Powered by FlippingBook