Schools Brochure - page 43

43
Кингсвуд мектебі
БАТ
Жан-жақты білім
Кингсвуд мектебіндегі оқу сынып бөлмесінің
шеңберінен кеңірек, бұл зерттеушілік ойлауды
дамытуға мүмкіндік береді және оқуға деген
ұмтылысты арттырады. Музыка, театр, спорт
пен өнер Кингсвудтағы оқудың маңызды
қырлары болып табылады, және де оқушыларға
академиялық бейіннен басқа әр түрлі салалардағы
өздерінің қызығушылығы мен дарынын дамыту
жағынан әрқашанда қолдау жасалады. Кең
ауқымдысыныптан тысбағдарламааясындаалуан
түрлі мүмкіндіктер беріледі, онда көшбасшылық,
тәлімгерлік, сондай-ақ дене мен мидың дамуы зор
рөл атқарады. Оқушылар үлкен дүниенің есігін
ашуға мұқият түрде дайындалады – бойында
батылдық, әлемге деген сенім және айналадағы
адамдарға тілектестік сезімі нық орнаған олар,
шынында да, жалпы ортадан ерекше көрінеді
және ертеңгі күннің көшбасшыларына айналады.
Алтыншы сынып
Кингсвуд мектебінің оқушылары бір артықшылыққа
ие, себебі кампуста жеке құрылған Алтыншы
сынып орталығы бар. Мұнда олар дербес
оқу стилі бойынша кіріспе курсынан өтеді,
ал бұл оларға университеттегі оқуға жақсы
дайындалуға көмектеседі. Диксон ғимаратында
дара зерттеулерге арналған үй-жайлар, ортақ
бөлме, IT кабинеті және мансап орталығы бар.
Оқушылардың сондай-ақ белгілі бір міндеттері мен
жеңілдіктері бар және олар жасы кіші топтардың
тәлімгерлері мен жетекшілері ретінде мектептің
жұмысына белсенді түрде араласады. Мансапты
таңдау бойынша консультациялар, мамандардың
дәрістері және өндірістік тәжірибе кез келген
салада алтыншы сынып оқушыларының шынайы
әлеуетін дамытуға бағытталған оқушыларға
жалпы қолдау көрсетудің ажырамас бөлігі болып
табылады.
Университеттерге жолдамалар
Кингсвуд
мектебінің
түлектері
әдетте
Ұлыбританиядағы Рассел тобының дегдарлық
университеттеріне
түседі.
Кейбіреулері
музыка немесе өнер саласында диплом
алады. Түлектердің аздаған саны шетел
университеттеріне түседі.
Оксфорд пен Кембриджге түсудің нәтижелері
Жыл сайын 6-8 түлек Оксфорд пен Кембридждің
университеттеріне оқуға түседі. Олардың 90%-
ынан астамы қай университетке өтініш берген
болса, дәл соған түсіп жатады (яғни бірден оқуға
қабылданады).
Тілдік қолдау
EAL кафедрасы (ағылшын тілі қосымша тіл
ретінде) ағылшын тілін үйрену аймағында
орналасқан және мектептің негізгі кампусының
бір бөлігі болып табылады. Оқушылар оқуға
түсу кезіндегі бағалаудың нәтижелері бойынша
ағылшын тілінен соған сәйкес деңгейде тілдік
қолдау алады. Халықаралық оқушылар үшін жеке
сұраныстарына сәйкес тілдік қолдауға қосымша
төлемақы жасалуы қажет.
Жаһандық тәсілдеме
Кингсвуд қоғамдастығы үнемі бүкіл дүние жүзінен
келетін жаңа оқушыларды қабылдайды. Мектеп
Британдық Кеңестің мүшесі болып табылады.
Мектеп қоғамдастығына 20-ға жуық әр түрлі
мемлекет қатысады. Шетелдік студенттерді
әрқашанда жылы жүзбен қарсы алады және
оларға Кингсвуд мектебіне келгеннен кейін
таныстыру бағдарламасы шеңберінде көмек
көрсету үшін «тәлімгерлер» (көп жағдайда
жаңадан келген оқушының тілінде сөйлейтін жасы
үлкен оқушылар) тағайындалады.
Әр түрлі елдердің әр алуан мәдениеттері мен
дәстүрлері нағыз интернационалдық ахуалды
қалыптастырып, мұның өзі оқушыларға кең
ауқымды жастар қатарынан көптеп өте алуан түрлі
дос табуға мүмкіндік береді. Кингсвудта біртұтас
мектеп қоғамдастығына барынша біріктіру және
британдық білім алуы мақсатында бір елдің
оқушыларына бөлінетін орындарды жыл сайынғы
шектеу ережелері қолданылады.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Лэнсдаун, Бат,
BA1 5RG,
Ұлыбритания
Тел.: 
+44 (0)1225 73210
Орналасқан жері:
Баттан Лондонға
дейін – поезбен
1 сағат 15 минут жол
Ең жақын әуежайлар:
Бристоль (35 минут)
/ Лондондағы Хитроу
(90 минут)
Мектептің тұрпаты: бірлескен оқу/ пансион және күндізгі мектеп
Оқушылардың жасы: 11-18 жас
Оқушылардың саны: 712
Пансионда оқушылардың саны: 178
Халықаралық студенттер: 76
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: 1:10
Пансионның құны: (жылына фунт стерлинг) 25 143 – 28 872
KAZAKH
1...,33,34,35,36,37,38,39,40,41,42 44,45,46,47,48,49,50,51,52,53,...86
Powered by FlippingBook