39
Корольдік колледж
ТОНТОН
Академиялық бейін
Оқушыларды таңдау жағынан мектеп аса
«міншіл» болмаса да, біздің оқушыларымыз
GCSE және A-Level сертификатын алуға
емтихандар бойынша үздік нәтижелерге қол
жеткізіп, Сомерсет мектептері рейтингінің жоғарғы
жолдарына тұрақтылықпен көтеріліп келеді.
Бұл жерде дәстүрлі академиялық пәндерге,
кәсіпқойлықпен оқытуға негізгі көңіл бөлінеді, ал
сыныптарда оқушылар санының аз ғана болуы
қамтамасыз етіледі. Ресми оқу жоспары қосымша
бағдарламаның есебінен кеңейтілген, өйткені
мектептің тұжырымдамасы бойынша, оқушыларға
емтихан тапсыру үшін талап етілетіннен
анағұрлым көп білім беру көзделеді. Оқудың
барлық деңгейлерінде дербестік, білуге құмарлық
және ғылыми жұмыс көтермеленеді.
Материальдық база
Пансионның тамаша үй-жайларына қоса мектептің
ең заманауи оқу кабинеттері бар. Әсіресе шет
тілдерінің кабинеттері, қазіргі заманғы цифрлық
зертхана және жаратылыстану ғылымдарының
кафедрасы ерекше әсер қалдырады. Спорт
құрылыстары аймақтағы ең үздік құрылыстар
болып табылады, оларға өте жақсы спорт
залдары, шатыры жабық жүзу бассейні, барлық
ауа райына қолайлы хоккей өрістері, теннис пен
нетбол ойнауға арналған корттар, би студиясы
және атлетикамен шұғылдануға, лакросс, регби,
футбол мен крикет ойындарына арналған спорт
алаңдары кіреді.
Мектепте үлкен әрі өте жақсы жарақталған театр
жұмыс істейді, сонымен қатар 300 орындық жаңа
амфитеатр салынды. Заманауи музыка мектебінің
тамаша сыныптары және шағын концерт залы
бар. Өнер мектебі викториан заманының
кең вилласында орналасқан және өздерінің
жұмыстарын осында көрмеге қоятын мектептің
және жергілікті суретшілердің картиналарының
галереясымен танымал.
Марапттарға ие болған жаңа кітапхана (15000
кітап) мектептің академиялық өмірінің негізін
қалыптастырады.
Университеттерге жолдамалар
Барлық дерлік студенттер медицина, инженерлік
іс, тарих, жаратылыстану ғылымдары, ағылшын
тілі, бизнесті ұйымдастыру, экономика және
шет тілдері сияқты сұранысқа ие пәндерді оқу
үшін Ұлыбританияның университеттерінде білім
алуын жалғастырады. Біздің түлектеріміздің
жартысына жуығы Рассел Тобының дегдарлы
университеттеріне түседі.
Барған сайын түлектердің көп саны Нидерланд,
АҚШ, Германия, Австралия мен Гонконгтың
жоғары оқу орындарын қоса алғанда, шетелдердің
университеттеріне түсіп жатыр.
Ерекше сипаттары
Мектепте ел ішінде ең үздік болып отырған
жобалау технологиясы факультеттерінің бірі
жұмыс істейді, оның түлектері университеттерде
инженерлік істі оқуын жалғастырады.
Студенттер
GCSE
және
A-Level
сертификаттарынан басқа Корольдік Колледжде
көптеген басқа да сертификаттарды ала алады,
бұл:
Аспаздық бойынша Лейс (Leiths) сертификаты;
Эдинбург герцогының қола және алтын
сертификаты; әр түрлі музыкалық аспаптарда
ойнау бойынша емтихан; Шешендік және
драмалық өнер бойынша LAMDAсертификаттары;
спорттың алуан түрлері бойынша көптеген бапкер
дипломдары; әр түрлі Microsoft біліктіліктері және
т.б.
Тілдік қолдау
Мектеп шетелдік студенттерге арнап ағылшын
тілінің білікті оқытушыларымен (ESL) жеке немесе
топта сабақ беру нысанында тамаша сервисті
ұсынады. IELTS және IGCSE емтихандары
өткізіледі.
Студенттердің бейіні
Мектеп кез келген білім беру мекемелерінен
келетін, GCSE және A-Level емтихандарына
дайындалу үшін қажетті академиялық және тілдік
машықтарын көрсете алатын бозбалалар мен
қыздарды қабылдайды. Мектептің академиялық,
сыныптан тыс және тәлімгерлік қызметіне қатысуға
ықылас болуы маңызды. Корольдік Колледждің
студенттері аржайылығымен, табысты жұмыс
этикасымен және ынтагерлігімен ерекшеленеді.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Сос Роад,
Тонтон,
Сомерсет TA1 3LA
Тел.: +44 (0)1823 328204
Лондонмен арадағы
қашықтық
165 миля / 266 км
Корольдік Колледж – бұл 13-18 жастағы оқушыларға арналған
пансион мен күндізгі мектепті біріктіретін Халықаралық бірлескен
оқу. Колледжде 460 студент оқиды, олардың 60%-ға жуығы
пансионерлер болып табылады.
Пансионның жыл сайынғы құны: (жылына фунт стерлинг)
бір тоқсан үшін 9800 / жылына 29400
Оқудың құнына тамақтануға, кеңсе керек-жарақтарына, киім-кешек
жууға (химиялық тазартудан басқа) және оқулықтардың көпшілігіне
кететін барлық шығыстар кіргізілген.
KAZAKH