Schools Brochure - page 31

31
Даунтси мектебі
ДЕВИЗЕС
Даунтси – бұл бірлескен оқуды ұсынатын
жетекші мектеп, ол 11-18 жастағы оқушылар
үшін пансионды және күндізгі мектепті біріктіреді.
Мектеп Солсбери жазығының солтүстігіндегі
табиғи кең ауылдық жерде ауданы 150 акр жер
телімінде орналасқан, онда 780-ге жуық оқушы
оқудан өтіп, сабақтарда, сол сияқты сыныптан тыс
алуан түрлі қызметте білім мен шабыт алуда.
Жан-жақты білім беру
Біздің Даунтси мектебінде жасап жатқан бүкіл
істеріміздің
негізінде
оқушыларымыздың
академиялық
табыстары
жатыр.
Солай
болғанымен, білім – бұл табельге қойылған
бағалардан анағұрлым үлкен дүние. Бұл өмірге
төзімділік, икемділік және өзінің күшін сынауға
ықылас сияқты машықтар мен қасиеттерді дамыту,
олар біздің барлығымызға табысты әрі бақытты
өмір сүруіміз керек. Осындай дамуда біздің
сыныптан тыс сабақтарымыз зор рөл атқарады. Біз
кез келген талғамға сай келетін – театр, би, музыка,
спорт және көптеген клубтар мен қоғамдардан
бастап біздің дәрістік факультативтерімізге,
белсенді
демалыс
бағдарламаларымызға
және волонтерлік бастамаларымызға дейін
мүмкіндіктерді ұсынамыз.
Оқушылар мен оқытушылар ұжымы
Қоғамдастық пен ынтымақтастық Даунтси
мектебінде оқудың көп аспектісінің негізін
құрайды; бұл қызметкерлердің және оқушылардың
арасындағы достық және сенімге құрылған қарым-
қатынас жоғары бағаланатын, нағыз отбасылық
ахуал орнаған бақытты жер.
Біздің
оқушыларымыз
(күндізгі
мектепте,
сондай-ақ пансионда оқитын) Даунтсиге әр
түрлі мектептерден келеді және өздеріне жаңа
дос тапқысы келеді. Қоғамдастықттың екеуі де
(пансионерлер және күндізгі бөлімнің оқушылары)
біртұтас ұжымды құрайды және бір-бірімен дос.
Жергілікті оқушылар үшін пансионерлердің
бөлмелері тез арада олардың екінші үйіне, ал
пансионер достары – үлкен отбасына айналады.
Жексенбілік іс-шаралар бағдарламасы достықты
және ұжымшылдық сезімін нығайтады.
«Даунтси – бұл достық қалыпқа негізделген
әрі ашық мектеп. Қызметкерлері біздің
әрқайсымыздың қамымызды ойлайды, және
бұл, шындығында да, үлкен отбасындағы өмірге
ұқсайды». (Маргарет Чанг, 6 сыныптың пансионері)
Оқуға түсу талаптары
Кез келген кезеңде Даунтси мектебіне түсу үшін
етихан тапсырып, сұхбаттасудан өту қажет.
Даунтси мектебіне 11, 13 немесе 16 жастағы
оқушылар түседі. Ағылшын тілі олар үшін ана
тілі болып табылмайтын оқушылар жазбаша
және ауызша ағылшын тілін жақсы меңгергенін
көрсетуге тиіс. Қабылдау үдерісі туралы ақпарат
алу үшін тіркеуші Джо Сэйджерс ханымға (Jo
Sagers) хабарласуыңызды өтінеміз.
Біз қайда орналасқанбыз
Даунтси мектебі кампуста орналасқан, онда
барлық мектеп объектілері бір-біріне тікелей
жақын жерде орын тепкен. Жақын жерде Бат,
Солсбери, Бристоль және Суиндон қалалары
жатыр, ал Лондонның орталығына дейін небары
100 мильге жуық. Мектеп Хитроу әуежайына
және басқа жергілікті әуежайларға немесе
теміржол вокзалдарына және олардан жеткізуді
ұйымдастырады.
Толығырақ ақпарат біздің сайтымызда орналасқан,
онда Даунтси мектебіндегі шынайы өмірді көруге
болады.
Біздің ұрандарымыз
«Жаныңыздың ең жақсы қасиеттерін сыйлаңыз,
бір-біріңіздің қамын ойлаңыз және жаңа нәрсені
байқап көруден ешқашанда қорықпаңыз».
Мектеп Директоры Марк Ласельс (Mark Lascelles)
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Хай стрит,
Вест Лавингтон,
Вилтшир SN10 4HE
Тел.: +44 (0)1380 814500
Лондонмен
арадағы қашықтық
99 миля / 159 км
2014-2015 жж. үшін төлем
Пансиондағы бір тоқсан үшін төлем 9380 фунт стерлингті; күндізгі
мектепте – 5600 фунт стерлингті; шетелдік студенттер үшін – 10850
фунт стерлингті құрайды.
KAZAKH
1...,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30 32,33,34,35,36,37,38,39,40,41,...86
Powered by FlippingBook