Schools Brochure - page 27

27
Эбботс Бромли Мектебі
ЭББОТС БРОМЛИ
Толық ақпарат
Әдемі деревняның аумағында ағаштар қоршай
өскен, ауданы 52 акрға тең кампуста орналасқан
Эбботс Бромли Мектебі 3 жастан бастап 18 жасқа
дейінгі оқушыларға жоғары сапалы жыл бойғы
оқуды қамтамасыз етеді. Мектеп кең ауқымды
академиялық бағдарламаны және тәлімгерлік
қамқорлықты ұсынады және мамандандырылған
би мектебі мен атпен жүруге үйрету орталығын
мақтан тұтады. Пансионның ұжымындағы өте
жақсы қарым-қатынас барлық қыз балаларға
өздерін үлкен бір отбасының мүшесі етіп сезінуге
және тыныштықта, үй ахуалы мен бақытты ортада
білім алуларына мүмкіндік береді.
Жан-жақты білім беру
Мектеп барлық оқушыларға олардың болашақ
қажеттіліктеріне сәйкес келетін, бірақ сонымен
бірге дербестікті және ой мен рухтың тәуелсіздігін
дамытуға мүмкіндік беретін білім беруге
ұмтылады. Мектепте GCSE және A-Level
сертификаттарын алуға мүмкіндік беретін алуан
түрлі академиялық пәндер оқытылады. Мектеп
сонымен қатар би және музыкалық театр
саласында арнайы орта білімді ұсынады. Бұл
курстарды негізгі академиялық пәндермен қатар
оқуға болады, бұл дарынды орындаушылар үшін
тартымды әрі бірегей оқу бағдарламасын құруға
мүмкіндік туғызады.
Мектептің бірегей ұсынысы
Мектептің жұмысы оқушыларды бірегей дарынды
тұлғалар ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
Мектепте көп шетелдік студенттер оқиды,
халықаралық деңгейде мойындалған би мектебі
жұмыс істейді, тұрудың өте жақсы жағдайлары
және ерекше тәлімгерлік қамқорлық қамтамасыз
етілген, мұның өзі Эбботс Бромли Мектебін
барлық деңгейде айрықша оқу орны етіп отыр.
Стипендиялар
Мектеп 7, 9, 10 және 12 оқу жылының
оқушыларына академиялық стипендияларды
ұсынады. Бұл академиялық пәндер, би, атпен
жүру, музыка, көркем сурет немесе спорт бойынша
стипендиялар болуы мүмкін.
Материалдық база
Мектеппен серіктестік құрған Алкинс би мектебі
халықаралық беделге ие, ал атпен жүруге үйрету
жөніндегі мамандандырылған орталық жаңадан
шұғылданып жүрген, сол сияқты тәжірибелі
шабандоздарға тамаша жағдай жасаған. Көптеп
саналатын спорт құрылыстарына барлық ауа
райы жағдайына жарамды AstroTurf спорт кешені,
жүгіретін жол (шөп төселген), реконструкциядан
өткен жабық жүзу бассейні және батутта секіруге
және фитнеспен шұғылдануға арналған спорт
залы кіреді.
Университеттерге жолдамалар
Оксфорд, Кембридж, Дарем, Бристоль, Уорик,
Лидс, Ньюкасл, Брукстың Оксфорд университеті,
Рединг, Эксетер, Корольдіктің би академиясы,
Манчестер, Ноттингем.
Тілдік қолдау
Жаңадан келген оқушыларды ESOL бойынша
Кембридж емтихан кеңесі қолданатын Шет
тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыретінің
талаптарына сәйкес оқуға түсу сынағының
нәтижелері бойынша ағылшын тілін үйрену
топтары бойынша бөледі (EFL). Толығырақ
ақпарат мектептің сайтына орналастырылған
(
).
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Эбботс Бромли
Мектебі
Эбботс Бромли
Стаффордшир
WS154 3BW
Тел.: +44 (0)1283 840232
Күндізгі мектеп/ пансион
3 жастан бастап 11 жасқа дейінгі ұл балалар
3 жастан бастап 18 жасқа дейінгі қыз балалар
Аға пансионерлердің (10 – 13 жас) оқуының құны – 8 575 фунт
стерлинг
Кіші пансионерлердің (4 – 9 жас) оқуының құны – 6 968 фунт
стерлинг
KAZAKH
1...,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26 28,29,30,31,32,33,34,35,36,37,...86
Powered by FlippingBook