17
Порт Регис
ШАФТСБЕРИ
Порт Регис Англиядағы ең танымал бірлескен оқу
мектептерінің бірі болып табылады және тамаша
жағдайлар мен инфрақұрылымды ұсынады.
Балалары Зара мен Питер осы мектепте оқыған
Корольдіктің Ұлы Мәртебелі Анна ханшайымы
1980 жылы Jowett спорт залын ашты, ал содан
он жылдан кейін Королева II Елизавета Корольдік
залды ашты.
Порт Регис өзінің академиялық және спорттық
табыстары және сыныптан тыс кең ауқымды
бағдарламасы үшін кеңінен танылған. 2014
жыл біз үшін тағы бір рекорд жылы болды,
біздің түлектеріміз жоғары оқу орындарында 21
стипендияға, соның ішінде Итонда музыканы
үйрену бойынша стипендияға, Брайанстон,
Мальборо мен Шерборн қыздар мектебінде
академиялық стипендияларға, технологияларды
және жобалауды оқып-үйрену бойынша төрт
стипендияға,
алты
спорттық
стипендияға
және АКТ және өнерді оқып-үйрену бойынша
стипендияларға ие болды – осының барлығы
академиялық дайындықтың және сыныптан тыс
жұмыстың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.
Дегенмен, академиялық табыстың алуан түрлі
көрініс беретінін ескерген жөн. Оқуға қолдау
көрсету кафедрасы балаларға жеке пәндерді
оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі, мұның
өзі мектептің жалпы академиялық көрсеткіштеріне
өз үлесін қосуда, оларды балалардың бақытты
болуы және ниеттелуі шартымен ғана қамтамасыз
етуге болады, ад бұл ұсынылатын білім берудің
негізі.
Порт Регисте балалар жақсы баға мен маңызды
академиялық машықтарды алып қана қоймай,
сондай-ақ мектептен тыс өмірге дайындалуға
мүмкіндік беретін өз мінезінің қасиеттерін
дамытады. Біздің мектебіміздің аса маңызды
міндеті – балаларға өз өміріндегі келешекті көруге
үйрету, бұл оларға өз-өзімен, жолдастарымен,
мұғалімдерімен және туыстарымен жарасымды
тұруға
мүмкіндік
береді.
Қонақжайлылық,
табандылық, келісім, мәрттік және құрметтеу –
бұл мектептің өмірінің негізінде жатқан біздің бес
құндылығымыз.
Оқу
Оқу жоспары жоғары оқу орындарына түсу үшін
қажетті барлық пәндерді қамтиды, бұл: ағылшын
тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары,
француз немесе испан тілі, география, тарих,
дінтану және латын тілі. Оқу топтарда деңгейлер
бойынша жүргізіледі. Директор және басқа да
аға мамандар ата-аналарға олардың баласына
жоғары оқу орнын таңдау кезінде кеңес береді, ал
таңдаудың дұрыстығын қуаттау үшін көп уақыт пен
күш-жігер жұмсалады.
Сөз жоқ, ата-аналардың Порт Регис мектебін
таңдауының
себебі
оның
академиялық
табыстары ғана емес. Біздің оқушыларымыз
мектепте жасалған жағдайлардың, қолда
бар инфрақұрылымның және жоғары білікті
қызметкерлеріміздің арқасында музыка, спорт,
театр, қолөнер, дизайн мен технологиялардағы
өздерінің дарынымен даңққа бөленген. ISI соңғы
есебінде «сабақ беру жоғары деңгейде өтеді.
Оқытушыларымыздың әруақытта көмекке мұқтаж
оқушының жанынан табылуға ұмтылуының
арқасында мектеп әр баланы ең жоғары дәрежелі
қызметкерлерден білім алуға ниеттеу бойынша
өзінің міндетін атқарып жатыр» деп көрсетілген.
Дорсет графтігінің әдемі жерінде орналасуы және
білім министрлігінің патронаж жасауы мектепке
бүкіл елден ең үздік оқытушыларды тартып отыр,
олар Порт Регис мектебінде тұру және жұмыс
істеу үшін беделді жоғары оқу орындарындағы
лауазымдарын
қалдырып
келіп
жатыр.
Мектебіміздің 12 оқытушысы біліктілігін Оксфорд
пен Кембриджде алды, және түлектеріміздің 15%-
ы осы ең көне университеттерде оқуға ұсыныстар
алып жатады.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Моткомб парк,
Шафтсбери
Дорсет SP7 9QA
Тел: +44 (0)1747 857800
Лондонмен
арадағы қашықтық
110 миля / 177 км
KAZAKH