7
А
ғылшынның білім беру жүйесі әлемде ең үздік болып саналады, бұл: өте жақсы
академиялық бағдарлама және регламенттелген әдістердің орнына ұсынылған
тұтастық тұрғысындағы тәсілдеме – оқушының миы мен денесін тәрбиелеу,
дербес оқу машықтары және кез келген саладағы әлеуетін ашу.
та-ананың ең маңызды міндеттерінің бірі - өзінің баласына мектеп таңдау жағынан
көмектесу. Әр баланың сұраныстары өте дара болады, сондықтан дұрыс таңдаудың
бірінші дәрежелі маңызы бар.
«Insperata Floruit» компаниясы төмендегілермен серіктестікте жұмыс істейді
• Өз балаларына ең қолайлы келетін оқу орнын таңдағысы келетіншетелдік отбасылармен
• Ең жоғары академиялық стандарттар мен нәтижелерді ғана емес, сондай-ақ кең
ауқымды сыныптан тыс бағдарламаны ұсынатын Ұлыбританиядағы дегдарлық мектеп-
пансионаттар тобымен – мұндай мектептер әр түрлі елдерден небары бірнеше адамды
ғана қабылдайды.
Мектепті таңдауға кіріспес бұрын, біз табанды түрде төмендегідей кеңес береміз
• «Insperata Floruit» компаниясының тәжірибелі қызметкерлерімен әңгімелесу және
академиялық және әлеуметтік тұрғыда сіздің балаңызға ең қолайлы келетін мектепті
таңдау бойынша консультация алу
• Біздің балаларды толық түсініп және олардың сұраныстарын айқындай алуымыз үшін
ұсыныстар берудің алдында біздің қызметкерлеріміздің болашақ оқушылармен 2-3
кездесуін ұйымдастыру.
Бұл кітапшада біз бірнеше серіктес мектеп туралы ақпаратты келтіріп отырмыз. Алдымен
жекеше мектептерді қарастырсақ:
Эбботс Бромли – атпен жүру және биді үйрену үшін тамаша жағдайлар.
Даунтси – әр оқушы бұл мектептің иелігіндегі, дүние жүзіне танымал, гафельдік желкені
бар «Jolie Brise» лоцмандық катерімен қалай жүзу керектігін біледі.
Корольдік колледж – академиялық бағдарламаның және спортпен шұғылданудың
үйлесімді түрде қиысымы, кейде бұл экстремалдық спорт түрлері болады – осы жазда
оқушылар тобы Кенияда болып, Килиманджаро шыңын бағындырды!
Кингсвуд Дүниежүзілік мәдени мұра бағдарламасына кіргізілген Бат қаласында
орналасқан. Жыл сайын мұнда Дартмурдағы Он төбе экспедициясына (Ten Tors) қатысу
үшін командалар жиналады – өмір қиын болып көрінген кезде Кингсвуд мектебінің
оқушылары бұл сапарды естеріне алып, одан қиын ештеңенің жоқ екенін түсінеді.
Еркін ахуал орнаған және Лондон мен Рединг қалаларына жақын жерде орналасқан
Пэдворт Колледжі шетелдік студенттерге ағылшын тілін үйретуде табысқа жетуінің және
сонымен бірге емтихан тапсыру кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуінің арасында
өте жақсы беделге ие болып отыр.
Оксфордтағы Әулие Клара колледжі – алтыншы сыныптың жетекші колледжі, ол дәстүрлі
А деңгейіндегі мектеп бағдарламасынан гөрі неғұрлым кең ауқымды бағдарлама бойынша
оқығысы келетін балаларға арналған Халықаралық бакалавриат бағдарламасын
ұсынады.
Әулие Эдуард колледжінде балалар нені ойлау керектігі туралы ойланбауға үйренеді.
Седберг мектебі өзінің спорт алаңдарымен танымал және спорттың 35 түрімен шұғылдану
мүмкіндігін ұсынады.
Дайындық мектептерін таңдау:
Порт Регис өзінің тамаша спорт құрылыстарымен әйгілі.
Херефордширдегі Әулие Ричард мектебінде барлық балалардың бақытты болуы сонша,
олар тіпті сабақ оқуды да рахат деп есептейді!
«Insperata Floruit» компаниясының атынан Ұлыбританияның
пансионат мектептері каталогының беттеріне қош келдіңіз.
Эндрю Andrew Грэхем-Уотсон
KAZAKH