21
Әулие Ричард мектебі
БРОМЬЯРД
Шолу
Әулие Ричард Мектебі – бұл бірлескен оқу мектебі,
ол ынталандыру және қолдау жасалатын ортада
оқушыларда өзінің ар-намысы сезімін, отбасы
мен ұжымның құндылықтарын дамытуды алдына
мақсат етіп қойып отыр.
Үздік академиялық нәтижелер балаға арнап
бағдарлай отырып шағын топтарда оқыту арқылы
қамтамасыз етіледі, онда оқуға деген сүйіспеншілік
тәрбиеленеді, ал оқушылар өздерінің дербес
ойлауға қабілетті екеніне деген сенімге ие болады.
ӘулиеРичардмектебі мақтан тұтатын кең ауқымды
академиялық, спорттық және көркем бағдарлама
бақытты, өз-өзіне сенетін және жауапкершілігі
бар балаларды тәрбиелеп шығарады, мұның
өзі болашақта оларға елдің жетекші білім беру
мекемелері қажет ететін мамандар болуына
көмектеседі.
Мектеп
Балалар дәстүрлі ауылдық әсем табиғаттың
ортасында, нақты үй ахуалында тәрбиеленеді;
бұл жерде бүкіл өмірге жалғасатын достық туады,
жақсы мәнер және айналадағы адамдарды
сыйлаушылық тәрбиеленеді, сондай-ақ басты
христиандық құндылықтардың негізі қаланады.
Бұл жерде оқуға ғана емес, сол сияқты балалық
шақтың қуанышына, ойын мен сауыққа да көңіл
бөлінеді. Мектептің шығармашылық қырлары
және спорт ойындарының ауқымды алуантүрлілігі
академиялықоқупроцесіменүйлесімдебіріктіріліп,
балалар ынталандырылатын және өзінің жұмысы
үшін сый алатын ортаны қалыптастырады. Әулие
Ричард мектебінде балалар бала болып қала
отырып өздеріне ұсынылған дүниелерден пайда
ала алады.
Академиялық бағдарлама
Әулие
Ричард
мектебінде
академиялық
бағдарламаның ерекше маңызы бар –
бұл жерде жоғары стандарттар қалыпта
сақталады. Балаларға берілетін тәрбие мен
шабыттандырудың мақсаты - олардың барлық
мүмкін нәрсені әрі ең үздік нәтижемен жасауды
қалауы. Бағдарламаға барлық дәстүрлі пәндер,
сондай-ақ бірнеше сирек пән, мысалы, латын тілі
(міндетті пән) және грек тілі (таңдау бойынша)
кіргізілген. Барлық академиялық пәндер
бойынша емтихандар жазғы семестрдің аяғында
Михаил Күнінен кейін тапсырылады. Ата-
аналар балаларының үлгерімі туралы ақпаратты
жетістіктерді үш аралық бағалау түрінде алады.
Мұнда ата-аналар жиналысы тұрақты түрде
өткізіледі: ата-аналарды мұғалімдермен кездесу
үшін мектепке шақырады, сондай-ақ ата-
аналардың мектептің қызметкерлерімен кездесу
белгілеуге әрқашанда мүмкіндігі бар.
Алуан түрлі академиялық бағдарламаның
арқасында балалар жоғары сыныптарға немесе
университеттерге түсу үшін жақсы дайындыққа
ие болады. Әулие Ричард мектебі біздің
түлектеріміздің жоғары оқу орындарына бірінші
реттен-ақ түскені туралы, сондай-ақ оларға
академиялық пәндер, спорт, музыка, драма өнері
және басқа курстар бойынша стипендиялардың
берілгені туралы өте жақсы статистиканы ұсына
алады. Ағындарға бөлу жүйесі балаларға
өздерінің қабілеттеріне сәйкес оқуда барынша тез
алға басуға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс қосымша жұмыс
Төменде келтірілген цифрлар біздің мектептегі
әр балаға ерекше көңіл бөлетінімізді және
уәждейтінімізді айғақтайды: балалардың 100%-
ы спорттық мачтарға қатысады және мектеп
спектакльдерінде рөл ойнайды және балалардың
75%-ынан астамы музыкалық аспаптарда
ойнайды. Мектепте атпен жүру, каякинг, қытай
тілін үйрену, аспаздық, би, спорттық бағдарлау,
бау өсіру, шахмат және фото мен кино өнері
үшін барлық жағдай жасалған. Барлық үйірмелер
мен студиялар Херефордшир графтігінің әдемі
ауылдық жеріндегі 35 акрда орналасқан.
Түлектер
Біздің жақында шыққан түлектеріміз көптеген
білім беру мекемелерінде, соның ішінде
Эмплфорс колледжінде, Итон колледжінде, Рекби
Мектебінде, Мортон Холл, Шрюсбери Мектебінде,
Әулие Мария, Эскот, Тюдор Холл және Эппингем
Мектебінде оқуға гранттар алды.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Бреденбери-корт,
Бромьярд
Херефордшир
HR7 4TD
Тел: +44 (0)1885 482491
Лондонмен
арадағы қашықтық
148 миля / 239 км
Бірлескен оқу мектеп-пансионаты
Толық пансионаттың төлемақысы: бір тоқсан үшін 19,575 фунт
стерлинг
KAZAKH