Schools Brochure - page 35

35
Килграстон
Толық ақпарат
Біз дәстүрлі құндылықтарды ұстанатын, бірақ
қазіргі заманғы оқу әдістемесін қолданатын
мектеп болып саналамыз. Білім – бұл емтиханды
табыспен тапсыру ғана емес, сондай-ақ бұл
қызығушылық пен дарынды дамыту, әр түрлі
мәдениеттерді түсіну және әлемнің азаматы
ретінде
жеке
жауапкершілікті
тәрбиелеу.
Килграстон мектебі білім беру процесін дамыту
және байыту үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді
ұсынады. Біздің дәстүрлеріміз ұжымымыздың
негізінде жатқан құндылықтарды нығайта түсуде,
бұл: қатаң академиялылық, сенім, құрмет, бірлік
және жауапкершілік.
Біз сыныптан тыс қызметті кеңінен таңдау
мүмкіндігін және спорт, музыка, ғылымжәне көркем
сурет өнерімен айналысуға арналған, техниканың
соңғы жетістіктеріне сай жабдықталған заманауи
ғимараттарды ұсынамыз. Біздің мектебіміздің
негізінде Шотландиядағы балаларға арналған
бірден-бір атпен жүру орталығы жұмыс істейді,
онда барлық жастағы қыз балалар тұрақты түрде
ат спортымен шұғылданады.
Академиялық бейін
Біздің қыз балаларымыз алуан түрлі салалар
мен кәсіптерде ертеңгі күннің көшбасшылары
болады. Біздің пікірімізше, не өзіндік, не кәсіптік
өсуде олардың амбицияларын шектеу керек емес,
сондықтан біз көшбасшы позицияларына оңай
ие болуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі
білім беруді ұсынамыз. Килграстгон мектебінің
түлектері Ұлыбритания мен шет елдердің жетекші
университеттеріне түсіп жатады.
Тұру
8 жастан бастап қыз балалар бастауыш
сыныптарға арналған «Butterstone» кешеніндегі
шағын жатақханаларда бірге тұрады. 13 жастан
бастап әр қыз бала жоғарғы сынып оқушыларына
арналған ғимаратта өзіне жеке бөлме алады,
ал 6 сыныптың оқушылары алтыншы сыныпқа
арналған пансионға қоныстанып, онда өздерінің
жасына сәйкес қосымша тәуелсіздікке ие болады.
Жоғары біліктілік және Ілгерілеген жоғары
біліктілік дәрежелері
Килграстон мектебінің оқушылары Жоғары
біліктілікті және Ілгерілеген жоғары біліктілікті
алады.
Шотланд
білім
беру
жүйесінің
бұл дипломдары бүкіл дүние жүзіндегі
университеттерде танылады және қабылданады.
2014 жылы біздің түлектеріміздің 95%-ының
Ілгерілеген жоғары біліктілік дипломдарында
A-C деген бағалары болған (ұлттық деңгеймен
салыстырғанда 81%).
Тілдік қолдау
ESOL
арнаулы
бөлімі
(басқа тілдердің
иеленушілеріне
арналған
ағылшын
тілі)
халықаралық оқушылармен тығыз жұмыс жасап,
олардың оқуында қолдау көрсетеді. Әр оқушыға
жеке баға беріледі және негізгі оқу курсының
уақытында жеке қолдау жасалады.
Мектеп старостасының орынбасары 2014,
Сара Андерсон
“Килграстон мектебінен алған бірінші және
соңғы әсерім ұстаздардың балалардың әлеуетін
және олардың бойында сіздің тіпті ойыңызға да
кірмеген ерекше дарынды ашуға бағытталған
ерекше тілектестікпен қарайтынымен әрқашанда
байланысты болмақ. Осынау кең мүмкіндіктер
жағдайында
сіздің
қабілетіңіз
болмайтын
әлденені табу мүмкін емес. Мектептің Мадригал
хорында әнмен шұғылданудың көптеген басқа
қыз балаларға сияқты National Girls хорына және
Шотландияның Ұлттық жастар хорына тыңдаудан
табысты түрде өтуде маған көмегі болды.
Өзім Килграстонда оқитын соңғы жылда,
Медицина институтына түсердің алдында, менің
мектебіме Эдинбург Герцогының және Caritas
сыйлығын, сондай-ақ Лондонның музыка және
драма академиясының (LAMDA) дипломын алуға
мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Килграстон
мектебінде ұжымның ұйымшыл болуына, сондай-
ақ оқытушылар мен оқушылардың жақындасуына
себептесетін іс-шаралар өте көп. Килграстон – бұл
ерекше бірігей орын, оны әлденемен салыстыру
қиын, сіз өзіңіз осында болып, оның аурасын
сезуіңіз керек”.
+ + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + +
Бридж Оф Эрн кенті,
Пертшир графтігі,
PH2 9BQ
Тел.: +44 (0)1738 812257
Орталық Шотландия
Қыздарға арналған мектеп және пансионат
Оқушылардың жасы: 3 - 18 жас
Оқушылардың саны: 324
Пансионда оқушылардың саны: 133
Шетелдік оқушылар: 69
Оқытушылар мен оқушылар санының арақатынасы: пәнге және
оқу жылына байланысты 1:6 бастап 1:16 дейін.
Оқудың жылдық төлемақысы (жылына фунт стерлинг): 27 525
(жоғарғы сыныптар), 23 325 (бастауыш мектеп).
KAZAKH
1...,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34 36,37,38,39,40,41,42,43,44,45,...86
Powered by FlippingBook